Маңғыстау облысының білім басқармасының
Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№13 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры.
Сакабаева Cауле Наурузбаевна
1977 жылы Түркменстан, Красноводск қаласында дүниеге келген.
Білімі: жоғары, мамандығы бойынша орыс тілі пәні мұғалімі.
Еңбек жолын 1998 жылы Ашхабад қаласы, №51 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған. 2004 жылы Ақтау қаласына қоныс аударған.
2005-2013 жылдары Ақтау қаласы, №9 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2013-2016 жылдары Мұнайлы ауданы, «Бесшоқы» тұрғын үй массивіндегі №8 орта мектебіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2015-2016 жылдары аралығында директордың міндетін атқарды.
2016-2018 жылдары Атамекен селосы, «№12 жалпы білім беру орта мектебі» КММ директордың оқу ісі орынбасары қызметін атқарды.
2016-2018 жылдар аралығында Алматы менеджмент универститетінің «Іскерлік әкімшілік» магистратурасында, «магистр» атағын алды.
2018 ж. тамыз айынан бастап Қызылтөбе селосында жаңадан ашылған «№13 мектеп-гимназия» КММ директоры боп жұмыс жасайды.
2021 жылы II санат алды.
2023 жылы наурыз айында «№13 мектеп-гимназия» КММ директоры болып қайта тағайындалды. Отбасылы, бір ұл, бір қыз тәрбиелеуде.